Аруларға – қызғалдақ

Аруларға – қызғалдақ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елор­да­дағы мәдениет, білім, спорт мекемелерінде түр­лі мереке­лік іс-шара, қайырым­дылық ак­ция­­сы өтеді. 7 наурыз күні «Жанұя» от­­басы институтын қолдау орталығында түрлі салада жұ­мыс істейтін әйелдерді марапат­тау рәсімі өтеді. Сондай-ақ «Шу­ақ­ты көктем» іс-шара­сында көпбалалы аналар салтанатты түрде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа­лары­мен мара­пат­талады. Мәдени іс-шараларға кел­сек, «Наз» мемлекеттік би театрында «Жан ана» концерті ұйымдас­тырыла­ды. «Жастар» театры Н.Жақыпбайдың «Жа­на­рымдағы жалғыз әуен» деген театрлан­дырыл­ған кон­церттік бағдарлама­сын ұсына­ды. «АЛ­ЖИР» мемо­риал­­дық-мұражай кешенінде «Ана – өмір­дің гүлі» көрмесі ұйым­дас­тырылады. 7 және 8 наурызда қалада «Қам­­қорлық мекенжайы» ак­ция­сы аясында көпбалалы ана­ларға, жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеті таратылады. Оған қоса Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлерін құттықтайды. Мереке күндері – 6, 7, 8 нау­рыз күндері қала көшелерінде әйел­дерге қызғалдақ тарату ак­циясы өтеді. 11 наурыз күні сағат 12:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемле­кеттік академиялық филар­мония­да «Super Әже» байқауы өтеді. Наурыз айында қала кітап­хана­ларында шығармашылық көр­ме, конкурс, әдеби экспо­зи­ция және тағы басқасы қойыла­ды.