«AMANAT» партиясының кандидаты Әсем Мамутова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Самар ауданында сайлаушылармен кездесті.
Кездесуде партиялық бағдарламаның ауыл медицинасына қатысты басымдықтары айтылды.
– Көптеген ауыл тұрғыны медициналық көмек алу үшін әлі күнге дейін ондаған, жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр. «AMANAT» партиясы ауылдағы жас маманға берілетін көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әсем Мамутова.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.