«AMANAT»: Алматы облысында 70 мыңға жуық оқушы орны ашылады
«AMANAT»: Алматы облысында 70 мыңға жуық оқушы орны ашылады
297
оқылды
Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Увалиев Іле ауданына қарасты Чапай ауылдық округіне барды. Елді мекендегі  №10 орта мектебі ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жүргізді. Кандидат «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды атап өтті. Айтуынша, бұл құжатта қоғамдағы барлық өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Бағдарламаның басты мақсаты –  халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға атсалысу.  Өрелі әңгімеде мұғалімдер қауымына, әсіресе  білім саласындағы жаңашылдықтар өрілді.  width=
«Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында үш ауысымды оқытуды жою үшін 68,2 мың орындық 63 жаңа мектеп салынады. 39 білім беру нысанына сапалы күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізетін боламыз. Жыл сайын заманауи стандарттар бойынша 80-ге тарта білім ошағын жаңғыртуды жүргіземіз. Жыл сайын кемінде 90 физика, химия, биология, STEM кабинеттерін жабдықтауды қолдаймыз», − деді жиында Мұрат Увалиев.
Кандидат бұл шаралар 5 жыл ішінде оқушы орындарының тапшылығын толығымен жоюға, үш ауысымды мектептердің санын 7-ге дейін, бейімделген мектептердің санын 55-ке дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100%   қамтамасыз етуге, студенттік жатақханалардағы орындардың тапшылығы мәселесін шешуге арналғанын жеткізді. Келелі кездесуде Мұрат Увалиев педагогтердің мәселелерін тыңдады. Олардың шешілу жолын айқындады. Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.