Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, – деп хабарлайды polisia.kz. 7 наурыз күні сағат 12.47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған. Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.