"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ел аумағының басым бөлігі әлі де Каспи теңізі ауданынан келген циклонының ықпалында болады, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы ғана антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанды",– деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде қатты қар жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр болады.