Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды
Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды
1,112
оқылды
Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сурдодзюдодан Азия чемпионаты 5-6 наурызда өткен. «Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында сурдодзюдодан жалауы желбіреген Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысты. Бұл додада атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов 60 келі салмақта бақ сынады. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырған ол Азия чемпионы атанды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Атыраулық сурдодзюдошы іріктеу кезеңінде өз тобындағы моңғол, корей спортшыларын жеңген. Ал, ақтық сында жапондық палуанды 8 секундта иппон әдісімен ұтқан. Азия чемпионы атанған сурдодзюдошы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында тұрады. Егіздің сыңары спортпен бала күнінен айналысқан. Осы аудандағы Миялы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.