Доллар бағамы бірден 5 теңгеге көтерілді
Доллар бағамы бірден 5 теңгеге көтерілді
668
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE). Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 5,14 теңгеге көтеріліп, 438,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 наурыздағы ресми бағамы - 432,83 теңге. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 437,94 теңге, сату – 442,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 438,79 теңгеден сатып алынып, 442,16 теңгеден сатылып жатыр.