Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: paryz.kz

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірнеше өңірде жел мен көктайғақ болады. Қар, қар аралас жаңбыр жауады. Бүгін республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар күтіледі. Алдағы үш күнде республика бойынша тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді.