Еңбек инспекторлары 175 кәсіпорында 10 мың жұмысшының жалақы алмағанын анықтады
Еңбек инспекторлары 175 кәсіпорында 10 мың жұмысшының жалақы алмағанын анықтады
Фото: qaragandyhabary.kz
606
оқылды
Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы Aikyn.кz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Нәтижесінде, жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімі белгіленіп, 7,9 мың жұмысшының құқы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге жалақы төленді.