«Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» болатынына сенеміз
«Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» болатынына сенеміз
428
оқылды
Сайлауалды науқан қызу дайындық үстінде. Бүгін, наурыздың 7-і күні «Байтақ» жасылдар партиясы «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесті. Жүздесу аясында екі тарап сайлау кезіндегі әділдікті бақылаудың методологиясымен бөлісті. «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов жүйелі түрде жұмыс жасауға бел буғандарын атап өтті.
Заң шеңберінде комиссия құрылды. Бүгінде 10 мыңдай бақылаушы бар, алдағы уақытта олардың санын екі еселеуді жоспарлап отырмыз. Қаншалықты адамдар белсенді болса, соғұрлым сайлауды әділ бұрмалаусыз өткізуге болады,- деді қоғамдық бірлестік төрағасы.
әділетті Қазақстан Жасылдар партиясының жетекшісі өз кезегінде өзінің инфрақұрылымдары арқылы 9600 бақылаушы қоюды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ күні кеше ғана ЕҚЫҰ-дан бақылаушылар келіп, жұмыс барысын тексерді, ешқандай кедергілер жоқ екенін айтты. Айта кетсек, алдағы сайлауға партия атынан 187 үміткер қатысады. Олардың 20-ы (18-і партиялық тізім бойынша, екеуі мажоритарлық жүйеге сәйкес) Мәжіліс депутаттығына, 167-сі (91-і партиялық тізім бойынша,76-сы мажоритарлық жүйеге сәйкес) қалалық мәслихат депутаттығына үміткер.
Бұл жолғы сайлау ерекше болады. Халықтың белсенділігі артты, себебі жаңа тұлғалардың пайда болғанын көрді. Біз кандидаттарымызға сенімдіміз. Олардың ниеті таза, жалпы біз қай жақтан алсақ та, таза идеологияны ұстанамыз. Президентіміз «Жаңа Қазақстан - Әділетті Қазақстан» деп айтқан болатын, сондықтан сайлау әділетті болатынына сенеміз,- деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.