Сайлауалды науқан қызу дайындық үстінде. Бүгін, наурыздың 7-і күні «Байтақ» жасылдар партиясы «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен кездесті. Жүздесу аясында екі тарап сайлау кезіндегі әділдікті бақылаудың методологиясымен бөлісті. «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов жүйелі түрде жұмыс жасауға бел буғандарын атап өтті.
Заң шеңберінде комиссия құрылды. Бүгінде 10 мыңдай бақылаушы бар, алдағы уақытта олардың санын екі еселеуді жоспарлап отырмыз. Қаншалықты адамдар белсенді болса, соғұрлым сайлауды әділ бұрмалаусыз өткізуге болады,- деді қоғамдық бірлестік төрағасы.
Бұл жолғы сайлау ерекше болады. Халықтың белсенділігі артты, себебі жаңа тұлғалардың пайда болғанын көрді. Біз кандидаттарымызға сенімдіміз. Олардың ниеті таза, жалпы біз қай жақтан алсақ та, таза идеологияны ұстанамыз. Президентіміз «Жаңа Қазақстан - Әділетті Қазақстан» деп айтқан болатын, сондықтан сайлау әділетті болатынына сенеміз,- деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.