Астанада үш адамнан 342 000 доллар мен 7 миллион теңге тәркіленді (видео)
Астанада үш адамнан 342 000 доллар мен 7 миллион теңге тәркіленді (видео)
Фото: inbusiness.kz
5,000
оқылды
Үш адам бірлесіп, ABS Change крипто айырбастау пункті арқылы пайда тапқан. Олардың заңға қайшы әрекетін ҚМА елордалық департаменті әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жасырын жұмысты АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдары Астана қаласының аумағында қылмыстық әрекетін жүзеге асырды. Тексеру нәтижесінде, айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 миллион теңге тәркіленді. Binance платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына крипто активтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды. Алдын ала есеп бойынша, Binance платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 миллион АҚШ доллары болды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.