Білімді жастар – ел болашағы
Білімді жастар – ел болашағы
©halykpartiyasy.kz
Қазақстан Халық партиясы «Қазақстан Инжиниринг» еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Мәжіліс депутаттығына кандидат, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов жиналғандармен техникалық білім беру, отандық өндіруші саланы қолдау және дамыту мәселелерін талқылады. – Бізге жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалар керек, ЭКСПО, ЛРТ секілді ауқымды және қымбат пайдасыз жобаларды өткізуге қарсымыз, – деп атап өтті партия мүшесі. – Қазақстандық кәсіпкерлерге, шын мәнінде отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау қажет, – деді ол. Халық партиясының пікірінше, отандық өндірісті дамыту – экономикалық, қауіпсіздік тұрғыдан стратегиялық маңызды қадам. Себебі, өнеркәсібі өркендеген мемлекет қана тәуелсіздіктің қадірін түсіне алады. Өз тарапынан «Қазақстан инжиниринг» қызметкерлері техникалық кадрлардың: инженерлердің, техниктердің, жұмысшы мамандардың тапшылығына шағымданды. Бірақ Халық партиясында бұл мәселенің шешімі бар. Партия орта-арнайы және жоғары білімді қазақстандықтар үшін тегін және қолжетімді етуді талап етіп отыр. – Бұл қадам көптеген дамыған елдерде табысты жүзеге асырылуда.  Тегін және қолжетімді білім беру кадр тапшылығын шешіп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз, – деді Нұрдәулет Оразханов. Сондықтан Халық партиясы мемлекет жастарға ауқымды қаражат салуы керек деп санайды. Бұл – қайтарымы бар инвестиция. Ал халық неғұрлым сауатты және білімді болса, ел соғұрлым жақсы өмір сүреді.