Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған
Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған
Фото: newtimes.kz
2,651
оқылды
Айыпталушы Гүлмира Сатыбалды соталды іс жүргізу кезінде Қазақстаннан кетпек болған. Бұл туралы сотта мемлекеттік айыптаушы тарап мәлімдеді, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанада Сарыарқа ауданының №2 сотында кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйеліне қатысты сот процесі басталды. Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы айтты. Сотталушының адвокаттары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
«Соталды іс жүргізу барысында сотталушы Сатыбалдының шекараны кесіп өтпек болғаны туралы деректер болды, сондықтан бұлтартпау шарасын өзгертуге болмайды деп есептеймін», – деп жауап берді прокурор Альмира Қожахметова.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды 2022 жылдың 16 наурызында қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-нің басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлады. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.