Ауылдың әл-ауқатын көтеру – партияның міндеті
Ауылдың әл-ауқатын көтеру – партияның міндеті
266
оқылды
19 наурызға бекітілген Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына «AMANAT» партиясының Индер ауданы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Индербор кентінің орталығында ауданның белгілі тұлғалары, қоғам белсенділері, жастар және сенімді өкілдерінің жиналуымен кандидаттың шағын штабы құрылып, барлық заңдылықтарды сақтай отыра сайлауалды бағдарламасын халыққа насихаттау жұмысы талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес,  кандидат Саламат Нұрмұханұлы сайлауалды насихат жұмыстарын атқару мақсатында Индер ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ  елді мекеннің сән-салтанат құрып көркеюіне, демографиясы мен мәдениетінің дамуына негіз болатын бірден-бір денсаулық, білім және мәдениет екенін ескере отыра, аудан ауруханасының, М.Әуезов атындағы орта мектептің, мәдениет үйі мен кітапхананың қызметкерлерімен кездесті. «AMANAT Үгіт-насихат жұмыстарының төртінші күні «AMANAT» партиясының Индер ауданы бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов Елтай, Ынтымақ және Есбол ауылының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Кездесу барысында жұртшылыққа ауылдың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүзеге асырылатын сайлауалды бағдарламамен таныстырып, көптің көкейінде жүрген бірнеше сауалға жауап беріп, ауылдықтардың талап-тілектерін саралады.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді