11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында түнде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбе облысының солтүстігінде де көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні тау асуларында 15-20 м/с құрайды. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Ақтаудың кейбір тұсын тұман басады. Қостанай облысының солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанайда да 15-20 м/с құрайды деп болжанады. Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл ауданында 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде тұман түседі. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады.