Алматыда мерекеде гүл сатқан сатушылар көшені қоқысқа толтырған
Алматыда мерекеде гүл сатқан сатушылар көшені қоқысқа толтырған
1,048
оқылды
Алматыда 8 наурыздан кейін гүл сатушылар қоқысты жинамай тастап кеткен. Бұл жағдайға Алатау ауданы әкімінің аппараты түсінік берді.
«Қаланың кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы жабайы сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылдың 6,7 және 8 наурызында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезінде уақытша сауда орындарын бекітті. 9 наурызда уақытша сауда орындары тазаланып, аталған мәселелер жойылды. Басқарма алматылықтарды қоқыс тастамауға, қаланы таза ұстауға шақырады», – делінген әкімдік хабарламасында.