Гүлзира Айдарбекова мерекеге қандай сыйлық алғанын айтты
Гүлзира Айдарбекова мерекеге қандай сыйлық алғанын айтты
9,514
оқылды
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 8 наурызға қандай сыйлық алғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.  Гүлзира Айдарбекова Қайраттың ән кешінде күйеуінің бір құшақ гүлімен кіріп келіп, тосынсый жасағаны туралы әңгімеледі.
“Мінекей, 7-8 наурыз мен үшін осылай керемет өтті. Жан-жағымдағы қоршаған ортам, жанұям керемет рухани байлық сыйлады. Аллаға сансыз шүкірлер! Сіздерге де қызық болсын, айта отырайын. Нұрекең: “Астанадағы концертте болмаймын, неше күн сабылып жүрміз, таңертең Алматыға ұшаққа отырамыз. Інілеріммен моншаға барып демалайын деген ғой. Моншада отырғанында бір танысы бір бұзауын сатып алайын деп хабарласыпты, жарайды деп берген ғой. Тура сол ақшаға 101 гүл сатып алып, ойламаған жерден кіріп келді. Негізі Нұрекең біраз мал ұстайды. Кейін “бұл бір бұзаудың ақшасына алынған гүлдер” деп күлді. Мұнда 101 гүлдің бағасы бір бұзаудың құнымен тең екенін айтып жатыр. Сүйіктілеріміздің қымбаттысы болып, соған тұрарлық әйел болуды баршаңызға жазсын Алла! Нұрекеңнен де, ұлдарымнан да сыйлыққа көлік, гауһартас та алып жүрмін. Бірақ бұл гүл мен үшін есте қалатын гүл болды”, – деп жазды продюсер.
Сондай-ақ ол Нұртас Айдарбековтің ел алдында тұрып жылы лебізін білдіргені де тебірентпей қоймағанын айтты.
“Оған қоса бүкіл елдің алдына шығып, жүрекжарды сөздерін айтып бергені мен үшін теңдесі жоқ ерекше сезім. Ұл-келіндерім, немерелерім де мәз. Әкелері анасын құрметтеп тұрса қай бала жек көрсін?! Бар баланың арманы ғой. Барымызды бағалайық ағайын”, – деген жақсы тілекпен жазбасын қорытындылады.
Нұртас Айдарбеков сахнада тұрып жұбайын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
“Гүлеке, мен сізді бүгінгі мейрамыңызбен құттықтаймын! Мен сізді жақсы көремін. Себебі, сіз менің алтындай ұлдарымның анасысыз, Қайратымды дүниеге әкелдіңіз. Қазақта: “Әкенің жақындығы жездедей-ақ” деген жақсы сөз бар. Оны мойындау керек. Мен Қайратқа анасының істегенін істей алмадым. Сондықтан бұл Қайраттың анасының арқасы”, – деп жұбайына алғысын білдірді.
&
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

nbsp;