Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі басым болғандықтан жолдар жабылды

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі басым болғандықтан жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында мамандар жасанды жолмен таудан қар түсіреді. Сондықтан қауіпсіздік үшін жолдарды жапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін өңірдегі тасжолда профилактикалық мақсатта қар түсірілмек.

«Сағат 11.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Жүргізушілерден түсіністік танытуды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.
Жолаушыларға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.