Бүгін Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматыға барады

Бүгін Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматыға барады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлайды.  Үкімет басшысы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, қалалық индустриялық аймақтың резиденттерімен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысанның қызметімен және құрылысымен танысады. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізеді.