Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, бір жылда 23,6%-ға өсті. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасы апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Анықтау үшін елді мекендерде орналасқан тауарлардың түр-түрі сатылатын сауда нысандары (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады. Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2023 жылғы 7 наурыз): Сүт 2,5% – 355 тг/л Құмшекер – 454 тг/кг Күріш – 383 тг/кг. Бұған дейін Үкімет басшысы алыпсатарлармен күресті күшейту керектігін тапсырған болатын.