Полицейлер Алматы облысында есірткі зертханасын анықтады
Полицейлер Алматы облысында есірткі зертханасын анықтады
Фото: Рolisia.kz
583
оқылды
Полицейлер Алматы облысында үйінде есірткі дайындаған тұрғынды ұстады. Ол қолдан жасалған зертханада есірткі әзірлеген. Бұл туралы Aikyn.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылында жедел іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады. [caption id="attachment_243827" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Polisia.kz[/caption]
«6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үйде шыны колба түріндегі жабдықтар, кристалды ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр тәркіленді. ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Сараптамалар тағайындалды. Полиция ұсталған адамның 2022 жылдың желтоқсан айының басында Telegram арнасында есірткі өндірумен байланысты жұмыс ұсынған белгісіз адаммен танысқанын атап өтті. Ұсынысқа келісіп, былтыр желтоқсан айының соңында Алматы облысының аумағына келген. Биыл қаңтардан бастап ол Бөлек ауылында заңға қайшы қызметті жүзеге асырған.