Атырауда балықшылар суға кетіп бара жатқан адамды құтқарып қалды

Атырауда балықшылар суға кетіп бара жатқан адамды құтқарып қалды

Оқиға 9-нан 10 наурызға қараған түні, сағат 01.04 шамасында  Атырау қаласындағы «Жұмыскер» шағынауданында болды. Жайық өзені жағасында түнгі уақытта балық аулап отырған екі адам көмек сұраған дауысты естиді. Сол уақытта олар мұз ойылып, суға батып бара жатқан адамды көреді. Дереу құтқарушыларға шақырту беріп, көмек жеткенше мұз астына құлап кеткен адамды құтқаруға кіріседі. Батып бара жатқан адамды құтқарған балықшылар оны қолдан жасалған қайыққа мінгізеді. Қайық үшінші адамның салмағын көтере алмай, батып кету қаупі туындайды. Осы кезде құтқарушылар көмекке келіп, суға кету қаупі төнген үш адамды аман алып қалады. «Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ауа райының жылынуына байланысты Жайықтың бетіндегі мұзбен жүру қауіпті екенін ескертеміз» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.