Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің жай-жапсары белгілі болды
Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің жай-жапсары белгілі болды
Фото:nur.kz
2,170
оқылды
Белгілі заңгер Олег Чернов пен оның әйеліне Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған төбелес бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлімдеді.
«Соталды тергеп-тексеру аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қадағалаушы прокурор оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жазбаша нұсқау берді», – делінген Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген Бас әскери прокуратура жауабында.
Әскери прокуратура мәліметінше, 11 ақпанға қараған түні Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ойын-сауық орындарының бірінің маңында Қорғаныс министрлігіне қарасты 30212 әскери бөлімінің әскери қызметшісі демалыста жүрген қатардағы Болат Н.Д. мен азамат Олег Чернов арасында жанжал шыққан.
«Жанжал кезінде Болат Чернов пен оның әйелі Черноваға бірнеше соққы жасаған. Биыл 11 ақпанында осы факт бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Бостандық аудандық Полиция бөлімі Болатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу амалдарын тіркеді. Кейіннен Болат әскери қызметкер болғандықтан, қылмыстық іс Алматы облыстық гарнизоны Әскери полиция басқармасы қарауына берілді», – деді Бас әскери прокуратура өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.