"Бүгінгі таңда барлық мектептер мектепішілік есеп жүргізуді бастады. Мектепішілік есепке алудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында біз тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірледік. Енді мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға қосымша сабақтар ұйымдастырып, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Оқушыларды есепке алу туралы шешімді білім беру ұйымының алдын алу кеңесі қабылдайды", – дейді Юлия Овечкина.Айта кетейік, мектепішілік есепке алу білім беру ұйымында ғана жүзеге асады. Оның басты мақсаты – балаға жеке әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға көмек көрсетудің жаңа тәсілін ұсынды
287
оқылды
оқылды