Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі көлік өртеніп кетті
Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі көлік өртеніп кетті
250
оқылды
Өткен тәулікте Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 14 рет құтқару жұмысына шықты. Өңір бойынша алты өрт ауыздықталды. Салдарынан бір адам көз жұмып, екі көлік толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ТЖД мәлімдегендей, от шарпыған ғимараттардың басым бөлігі – жеке үйлер. Өрт сөндірушілер Осакаров ауданы, Теміртау, Приозерск қалаларында тілсіз жаумен күрескен. Қарағанды қаласында өрт сөндіру кезінде газ баллоны жарылып, екі автокөлік жанып кеткен.
«Қарағанды қаласы Балқаш көшесінде жеке тұрғын үйдің ағаш жабыны, төбесі, қалқалары, терезесі, есік блоктары, жиһаздары мен тұрмыстық заттары, сонымен қатар гараждың едені, ішінде екі автокөлік - жалпы ауданы 280 шаршы метр аумақ жанды. Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасы шығып, кейін гараж ішіндегі газ баллоны жарылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлімдеді ведомствода.