Адами капитал – ілгерілеудің алғышарты
Адами капитал – ілгерілеудің алғышарты
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері облыстық оңалту орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар партия тарапынан саланы қолдау шаралары жөнінде кеңінен айтып берді.  width=
  • Соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілді. Мұндағы ішінде емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт негізінен ауыл-аймақтарда ашылды. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан - 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді, - деді Уәлихан Болатбек.
Сондай-ақ кездесуде аманаттықтар медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік пакетті кеңейту қажеттігін атап өтті. Соңында партиялықтар сайлаушыларды 19 наурызда өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.  

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»

партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді