Ұлт денсаулығы – басты назарда
Ұлт денсаулығы – басты назарда
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық фтизипульмонология орталығының қызметкерлерімен кездесті. Ақ халаттылармен өткен басқосуда аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, денсаулық саласындағы жетістіктер мен мәселелерді талқыға салды.
Бүгінгі таңда онкологиялық орталықтарды жаңғыртуға жәрдемдесу және диспансерлерді диагностикалық радиологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, жедел медициналық көмекті цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мен телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру керек. «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберіледі. Партия ұсынған бұл саладағы шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 38,8 пайызға дейін төмендетуге әрі маман тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деді Махметғали Нұрғалиұлы.
 width= Айта кетейік, бүгінде 5 денсаулық сақтау ұйымы жалға берілетін және бейімделген үй-жайларға орналастырылған. Ал денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 52,4 пайызға тең. Сонымен қатар, облыстың медициналық мекемелерінде 108 жоғары білікті маман жетіспейді. Бұл мәселелерді шешу уақыт пен атқарушы және бақылаушы органдардың бірлесе жұмыс істеуін қажет етеді. «AMANAT» партиясы 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысы сапалы және уақтылы болуына айрықша назарға алмақ.  

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»

партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді