ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарағанды облысында шахтерлермен кездесті
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарағанды облысында шахтерлермен кездесті
252
оқылды
Арман Қалықов көмір өнеркәсібінде 30 жылдан астам еңбек етті. 1991 жылы Шахтинск қаласының Ленин атындағы шахтаның тазарту кенжарының жерасты тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істей бастады. Көптеген жылдар өткен соң "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Көмір департаментінің директоры болды. Бүгінгі кеншілермен кездесудің мақсаты "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат А.Қалықов ұсынатын платформаның мәнін түсіндіру.  width= Арман Қобыландыұлы өз сөзінде партияның сайлауалды бағдарламасы ең алдымен сайлаушыларды толғандыратын мәселелерге негізделгенін баяндады. Сонымен қатар, ол жұмыс берушінің жауапкершілігі мен өндірістегі қауіпсіздіктің артуы, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы туралы атап өтті.
- Әр қызметкер қорғалуы керек. Сұрақтар көп. Дегенмен біз алдымызға қойылған міндеттерді шешетін боламыз, - деп атап өтті А. Қалықов.
Ол сондай-ақ кеншілердің проблемалары мен ұсыныстарын тыңдады.  Кеншілер ең өзекті мәселелердің бірі зейнеткерлік жасты төмендету екенін атап өтті. Саран шахтасының кеншілері А. К. Калыковтың кандидатурасына қолдау білдірді.  

Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді