Астанада мас күйде әйеліне тиісіп, балағаттаған ер адам 7 тәулікке қамалды
Астанада мас күйде әйеліне тиісіп, балағаттаған ер адам 7 тәулікке қамалды
1,149
оқылды
Елорда тұрғынынан "102" арнасына мас күйеуінің үйінде жанжал шығарғаны, сондай-ақ  балағат сөздер айтып, ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер Астана тұрғынының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғанын анықтады. Оның барысында ол әйеліне қатысты әдепсіз сөздер айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сөйтіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер жасаған. Белгілі болғандай, бұл оның мас күйінде үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзғаны бірінші оқиға емес. Алматы  аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжалқойға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы  2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге, сондай-ақ құқық бұзушының тәртібіне 12 ай мерзімге алкогольді  ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланбауға белгіленген ерекше талапты бұзғаны үшін ер адам 21 тәулікке Медициналық әлеуметтік оңалту орталығына орналастырылады. Еске сала кетсек, құқықбұзушылықтың алдын алуды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері «Қоғамдық қауіпсіздік» іс-шарасын өткізуде. Іс-шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің 470-ке жуық фактісін, 461 қорғау нұсқамасын бұзу фактісін анықтады, азаматтардың тыныштығын бұзған 2 246 тұлға және алкогольді  ішімдіктерді ішкен 2 231 тұлға анықталды. Астана қаласы Полиция департаменті зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда дереу полицияға "102" телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің 8-(7172)-71-60-63 сенім телефоны арқылы хабарласу керектігін, онда полицейлердің сізге құқықтық кеңес беретінін хабарлайды.