Түрксіб ауданында екі үгіт-насихат кездесуі өтті
Түрксіб ауданында екі үгіт-насихат кездесуі өтті
301
оқылды
«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар – Мақпал Батырханова, Дәурен Маралов пен Богдан Джепка Түрксіб ауданында екі үгіт-насихат кездесуін өткізді.  «Алматы-1» теміржол вокзалы мен «Алтын диірмен» корпорациясы" АҚ еңбек ұжымдарымен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Үміткерлер «Алматы-1» т/ж вокзалының қызметкерлеріне партияның алдағы жоспарларын, яғни тозығы жеткен электр желілерін жаңарту, 150 жол-көлік пен инженерлік инфрақұрылым нысандарын салуға қаражат бөлу көзделгенін хабарлады. Сонымен қатар депутаттыққа кандидаттар жалақыны көтеру жоспарда барын мәлімдеді.
«Біз әрбір алматылықтың жұмысқа орналасуға, лайықты жалақы алуға, өзін және отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болуы тиіс деп санаймыз. Халықтың ай сайынғы табысы 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ұлғаяды», деді қалалық мәслихатқа партиялық тізім бойынша ұсынылған депутаттыққа үміткер Дәурен  Маралов.
Депутаттыққа кандидаттар құрама жем, макарон, шұжық, нан-тоқаш өнімдері, жарма, соя мен бұршақ өнімдерін, ұн, қант және тұз өндіретін «Алтын диірмен» өнеркәсіп корпорациясының қызметкерлеріне тауар нарығында ұсыныстарды кеңейтуге, ел өңіріндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкелерін өткізуді ұйымдастыруға уәде берді.
«Біз сапалы жұмыс орындары мен халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетін кәсіпкерлікті қолдаймыз. Партия еңбек табысын, жұмыспен қамту мен экономиканың тұрақтылығын арттыру үшін Алматы экономикасының басым салаларында жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға ықпал етеді», деді Мақпал Батырханова.
Өз кезегінде Богдан Джепка жуырда Алматы барлық санаттағы азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерге ие қала болатынын айтты. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры  қаражатынан төленді.