Қостанайда «Есіктен – есікке» акциясы жалғасуда
Қостанайда «Есіктен – есікке» акциясы жалғасуда
315
оқылды
Қостанай облыстық мәслихатына үміткерлер қала қонақтарына келіп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Кездесу қала ардагерлерінің үйінде өтті. Кандидаттар қабылдаған талап-тілектер денсаулық сақтау, ардагерлерді және халықтың басқа да санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету желісі бойынша болды. Кандидаттар сайлау алдындағы бағдарлама аясында осы тармақтардың барлығы қарастырылғанын атап өтті.
– Облыста 551 денсаулық сақтау мекемесі бар, оның ішінде мемлекеттік – 489 және жеке – 62. Қоғамда денсаулық сақтау жүйесіне қатысты көптеген шағым бар. Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Медициналық сақтандыру қорының жұмысында тәртіп орнатылады, – деді кандидат Бауыржан Айдаболұлы.
Қостанай – Қазақстандықтардың көпшілігі үшін тұрғын үй сатып алуы күрделене түсуде. Біздің күш-жігеріміз қалалар мен ауылдардағы адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Біз 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыруға кепілдік береміз. Тұрғын үй сертификаттарына құқығы бар азаматтардың санын көбейту қажет деп санаймыз. Біз жеке құрылыс компанияларымен әлеуметтік тұрғын үй салуға ынталандырамыз, – деп толықтырды облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмаш Айтжанұлы. Кездесу соңында кандидаттар қала тұрғындарын сайлауда «AMANAT» партиясының кандидаттарын қолдауға шақырды!

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.