Милад Карими спорттық гимнастикадан алтын медальді жеңіп алды
Милад Карими спорттық гимнастикадан алтын медальді жеңіп алды
671
оқылды
Қазақстандық Милад Карими Бакуде спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медальді жеңіп алды, – деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. Гимнаст еркін жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсетіп, 14.200 ұпай жинады. Екінші орынды украиналық Илья Ковтун алды. Райли Луус (АҚШ) үшінші орынға табан тіреді.