Қазақстандық Милад Карими Бакуде спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медальді жеңіп алды, – деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. Гимнаст еркін жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсетіп, 14.200 ұпай жинады. Екінші орынды украиналық Илья Ковтун алды. Райли Луус (АҚШ) үшінші орынға табан тіреді.