Ұлытауда «Қазақмыс» қызметкерін ұрып-соққандар ұсталды

Ұлытауда «Қазақмыс» қызметкерін ұрып-соққандар ұсталды

Ұлытау облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасағаны үшін 25 және 45 жастағы екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екені анықталды. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, басқа қызметкермен жанжал туғызды және оған дене жарақатын салды. Осылайша, күдікті адамдар аталған ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды. Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.