«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 12 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 12 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Атырауда 12 наурызда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 12 наурызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23 м/с. Ақтауда 12 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Астанада 12 наурызда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. 12 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады күндіз жылдамдығы 15-20 м/с. 12 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. 12 наурызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ болады. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. 2023 жылдың 11-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.