Есіміңізді құжат жүзінде өзгертуге болатынын білесіз бе?
Есіміңізді құжат жүзінде өзгертуге болатынын білесіз бе?
3,778
оқылды
Электрондық үкімет сайтында азамат атын қалай өзгертуге болатынын, қайда жүгіну керегін және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін сұраған.  Әділет министрлігінде "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске сәйкес 16 жасқа толып, атын немесе тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша аты, әкесінің аты, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді. Аты, әкесінің аты, тегін өзгерту мынадай дәлелді себептермен жүргізіледі:
  • Ерсі есім;
  • Аты-жөнін айтудың қиындығы;
  • Жұбайының тегін алу;
  • Некені бұзу кезінде немесе жұбайы көз жұмғанда және өз қалауымен өз тегіне ауысу; алдыңғы некедегі балалармен ортақ фамилияны алып жүруге деген ұмтылыс;
  • Ата-анасының ұлты әртүрлі болған кезде өзіне сәйкес келетін аты мен тегін алып жүруге тілек білдіру;
  • Құжаттағы атаудан бөлек, өмірде қалыптасқан есімге ауысу;
  • Ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есіміне ауысу;
  • Іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегін алу;
  • Хирургиялық жолмен жынысын өзгерткен кезде.
Атын өзгерту үшін АХАТ кез келген бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына растайтын құжаттармен жүгіну қажет.