Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесуі мүмкін

Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесуі мүмкін

Депутаттар президентке мұндай жаза бойынша референдум өткізуді ұсынып отыр. Ал ұсынысты 61 депутат қолдаған, - деп жазды қырғызстандық БАҚ. Қырғызстанның парламент депутаты Дастан Бекешевтің мәліметінше, өлім жазасы туралы қаулы жақын арада қаралады. Айта кетейік, бұған дейін де біраз депутат кәмелетке толмағандарды зорлағандар үшін жазаны қатаңдатуды қолдаған болатын. Олар қылмыскерлерге химиялық кастрация жасауды ұсынған. Ал негізі Қырғызстанда 1998 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған еді.