БҚО-да бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

БҚО-да бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Бөрлі ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі ауданы әкімінің 11 наурыздағы шешімімен елді мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Орал қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша комиссиялық тексеруден кейін 8 тұрғын үйді су басқаны анықталды. Қазіргі уақытта барлық мекенжайлардан су сорылды. Орал қаласына қоса Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым және Бәйтерек ауданында су сору жұмыстары атқарылып жатыр.