"Хамзат Чимаевты құлатады"– Хорхе Масвидаль Рахмонов-Чимаев жекпе-жегінің жеңімпазын сенімді түрде атады
"Хамзат Чимаевты құлатады"– Хорхе Масвидаль Рахмонов-Чимаев жекпе-жегінің жеңімпазын сенімді түрде атады
Америкалық UFC файтері Хорхе Масвидаль қазақстандық Шавкат Рахмонов пен шведтік Хамзат Чимаев арасындағы ықтимал жекпе-жектің жеңімпазы туралы пікірімен бөлісті.
"Мен Джефф Нилдің жанкүйерімін, бірақ Шавкат нағыз талант, жылдам әрі жарқын жігіт. Оның күші көп және бірнеше ауыр соққыларды көтере білді. Ол Хамзат Чимаевты сындырады. Мен Хамзаттың мықты екенін білемін, бірақ Шавкат – нағыз жауынгер, оның соққылары Чимаевты ойландырып қояды», – деді Масвидаль YouTube-тағы Full Violence арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Рахмонов UFC 285 турнирінде Нилді мерзімінен бұрын жеңіп, аралас жекпе-жектегі жеңіліссіз сериясын 17-ге жеткізді.