Бірнеше өңірде су деңгейінің көтерілуі ескертілді

Бірнеше өңірде су деңгейінің көтерілуі ескертілді

12 мен 14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу, Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болатыны болжалуына байланысты сайға су толып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
"2023 жылдың 12 мен 14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында да аралас жауын-шашын болуы болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, сай-сайдың суға толуы, мұз бетінің жұқаруы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі", – деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.