Ақтөбеде жолда қалып қойған Өзбекстанның 63 азаматы эвакуацияланды
Ақтөбеде жолда қалып қойған Өзбекстанның 63 азаматы эвакуацияланды
12 наурызда Ақтөбе облысында түнде автобус сынып, ондағы Өзбекстан азаматтары жолда қалып кеткен.
Ақтөбе облысы ТЖД-ның 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы маңында Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 144 шакырымында автобус бұзылып тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберілді.  width= Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында Өзбекстанның 63 азаматы Әйтеке би аудандық мектебіне орналастырылды.