ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды
ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Бүгін сағат 20:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», – делінген ақпаратта.