Ауыл шаруашылығын кез-келген өңірде дамытуға болатындығын жастарға үлгі болып көрсете алатыныма қуаныштымын – Тамила Розметова
Ауыл шаруашылығын кез-келген өңірде дамытуға болатындығын жастарға үлгі болып көрсете алатыныма қуаныштымын – Тамила Розметова
306
оқылды
Атырау облысы мұнайлы, өнеркәсібі дамыған өлке болуымен қатар ауыл шаруашылығын да алдыңғы қатарға шығарған аймақ. Өңір халқының агробизнеске деген қызығушылығы жоғары. «Сарайшық» кәсіпорнында өте қызықты тәжірибе жасалып, өте жақсы нәтиже шығарылған. Мұнда лимон өсіретін және содан ауыз толтырып айтарлықтай табыс табатын жылыжай бар. Мұны шағын шаруашылықтар үшін нәтижелі тәжірибе ретінде таратуға әбден болады.
«Сарайшық» кәсіпорны тек сүт өнімдерін ғана емес, сонымен қатар жылыжайларда лимон өсірумен де айналысады. Бұл Атырау өңірінің агробизнес дамытуға әлеуеті бар екендігін көрсетеді. «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депуттаттығына ұсынылған кандидат ретінде ауыл шаруашылығын кез-келген өңірде дамытуға болатындығын жастарға үлгі болып көрсете алатыныма қуаныштымын. Негізінен, партияның сайлауалды бағдарламасында жастарға, әсіресе ауыл жастарына қолдау мәселелері кеңінен қамтылған», - деді Тамила Розметова.