Жігері мықты жандармен кездесті
Жігері мықты жандармен кездесті
285
оқылды
Бүгін Абай орталығында жігері мықты, рухты жандармен кездесу өтті. Алдағы сайлауға «AMANAT» партиясының атынан қатысатын бір топ атыраулық кандидаттар паралимпиада және мүгедектігі бар спортшылармен бас қосты. Әлеуметтік қамқорлық таныту – «AMANAT» партиясының айқын мақсаттарының бірі. Бұл туралы спортшылармен кездесу барысында кеңінен айтылды. Шындығын айту керек, мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамдағы қолжетімділік әлі де толыққанды жүзеге аспай келеді. Арбаға таңылған жандардың бір жаққа шығуының өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан, ыңғайлы инфрақұрылым жасақтау, кедергісіз орта құру – партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында да үнемі назарда келе жатқан өзекті мәселе.    width= Парламент Мәжілісінің депутаты мандатына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидат Дүйсенбай Тұрғанов спортшыларды қолдау, баспанамен қамту мәселесі жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау тапқанын атап, партияның сайлауалды бағдарламасында халықтан түскен 10 сұраныстың қатарында мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған арнайы тарау барын атап өтті. «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қоғамның 10 сұранысының бірі ретінде әлеуметтік қамқорлық бөлімі арнайы жасақталған. Мұнда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізу үшін бірінші кезекте жәрдемақы мөлшерін арттыру көзделіп отырғаны айқындалған. Бұдан кейінгі кезекте кедергісіз орта құру, қызмет алу бойынша мемлекетпен өзара іс-қимыл үдерісін жақсарту да көзделген. Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы «AMANAT» партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді