Алматы қаласында «Экологиялық мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті
Алматы қаласында «Экологиялық мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті
2023 жылғы 10 наурызда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы филиалы эколог мамандарды және Алматы экологиялық қозғалысының белсенділерін мегаполистің экологиялық мәселелерін шешудің жүйелі тәсілдерін талқылайтын дөңгелек үстел форматындағы пікірталасқа қатысуға шақырды. Кездесу барысында жасылдар партиясының өкілдері, сарапшылар, экобелсенділер және қоғамдық пікір көшбасшылары ауа мен ауыз судың сапасы, тығыз салынған құрылыс, көгалдандыру, энергетика, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысы және басқа да өзекті тақырыптар бойынша өз баяндамаларын жасады.    Оған қоғамдық белсенді, Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Евгений Мұхаметжанов, экобелсенді, Парламент Мәжілісінің депутаттығына тәуелсіз кандидат Халида Әжіғұлова, Қазақстандық қоғам қайраткері, белгілі эколог Мэлс Елеусізов, «Байтақ» жасылдар партиясынан Мәжіліске кандидат Айжан Сқақова, «Байтақ» партиясынан ҚР Мәжілісіне тағы бір кандидат Арман Қашқынбеков қатысты. Әсет Наурызбаев «Функциялар мен бюджеттерді жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беру» тақырыбында баяндама жасады. Ол салықтың тек үш түрін қарастыратын жеңілдетілген салық салуға көшудің жан-жақты жоспарын ұсынды. Сондай-ақ, белсенді шартсыз табыс тақырыбын қозғады: оның пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстан осындай әлеуметтік саясатты жүргізуге дайын. экология Эколог, «Байтақ» партиясынан Мәжіліске кандидат Айжан Сқақова су тапшылығы тақырыбында баяндама жасады. Алматыда 386 ұңғыма бар, бірақ жер асты сулары ластанған, себебі мұнда топырақ шөгіндісі көп. Алматыда суды дұрыс қолдану жолға қойылмаған – көлік жуу, суару, өнеркәсіп те ауыз суды пайдаланады, бұл қазіргі экология үшін қолайсыз. Су ресурстарына жауап беретін бірыңғай заңнама жоқ – бұл функцияны 4 министрлік бөліп орындап жүр. экология Кездесу қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылардың жасыл энергетика, су қорғау заңнамасы және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласындағы бірлескен жобаларының идеяларына бастамашылық жасалды.