Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның республикалық сайлауалды штабында Астанада 11 наурызда өткен «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» атты митингінің қорытындысы шығарылып, резолюциясы таныстырылды. Резолюцияда «жемқорлықтың мемлекетті күйрететіні, адамдар арасындағы сенімділікті азайтатыны, институттарға деген сенімді жоятындығы» айтылған.
Жемқорлықты болдырмау үшін ЖСДП өкілдері парламенттік бақылау орнатуды; мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқартуды; жемқорларды мерзімінен бұрын босату құқығынан айырып, барынша ұзақ мерзімге жазалауды талап етеді.Социал-демократтардың Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткерлер өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Үміткер Мирамбек Камалов Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша селосына барып жергілікті тұрғындармен кездесті. Ал Қарағанды облысында партия белсенділері сайлаушыларға «Социал-демократ» атты партиялық басылымның кезекті нөмірін таратты.