Шымкентте шенеуніктер ұн сатып, 68 миллионнан астам теңгені жымқырған (видео) 
Шымкентте шенеуніктер ұн сатып, 68 миллионнан астам теңгені жымқырған (видео) 
Фото: yandex.kz
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде, 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру дерегін тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес, келтірілген залал сомасы – 68 млн 800 мың теңге.   Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.