«AMANAT» кандидаты «Дос-Нар» базарында үгіт-насихат жүргізді
«AMANAT» кандидаты «Дос-Нар» базарында үгіт-насихат жүргізді
«AMANAT» партиясының кандидаты, әрі облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова Өскемен қаласындағы «Дос-Нар» базарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол сауда орнындағы сайлаушыларға партиялық бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп, мән-маңызын саралап айтты. – «AMANAT» бағдарламасы – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Соның негізінде 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірленді. Бұл бағдарламадан әрбір адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық-түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады, – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Осы күні штаб төрағасы сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Сондай-ақ олардың ұсыныс-пікірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. – Мемлекет болашағына бейжай қарамайтын барша өңір жұртшылығын сайлауға белсене қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз әрдайым халықтың жағындамыз! – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді