Көкшетаулықтар «AMANAT-ты» қолдайды!
Көкшетаулықтар «AMANAT-ты» қолдайды!
«Көкшетау су арнасы»   еңбек ұжымының өкілдері партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша өткен үгіт-насихат жиынында «АМАNАТ» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарға қолдау сөздерін білдірді. Еңбек ұжымымен кездесуді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Наталья Нагачевская ашып, алдағы ауқымды саяси оқиға – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауын еске алды. Үміткер жиналғандарды партияның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастардың проблемалары мен оларды шешудің ұсынылған жолдарына толығырақ тоқталды. «Барлығыңыз «АМАNАТ» партиясының қызметімен тікелей таныссыздар. Бұл тек сайлау алдындағы кезеңде ғана емес, тәулік бойы жұмыс істеп, ел тұрғындарының мәселелерін шешетін партия. Қазір ақпараттық технология заманында   – әрбір айтқан сөзіңізден кейін бәрін тексеріп, өз қорытындыңызды жасауға болады. Ал «АМАNАТ» партиясы – сыннан жасырмай, азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге бар күш-жігерін салуға тырысатын партия», - деп бастады сөзін Н.Нагачевская. «Партия аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Адамдар басқа деңгейдегі мәселелерді шеше алмаған кезде партияға жүгінеді. Мәселелері әртүрлі: заңгерлік кеңес, тұрмыстық, әлеуметтік сұрақтар. Және, әдетте, олардың барлығы шешімін табады. Сондықтан, біздің партияға   дауыс беруге шақырамын! Мемлекетімізді бұдан да бай, көркейтіп, халықтың тұрмысын жақсартқысы келетін партия – Аманат!», - деді Н.Нагачевская. Үміткер  жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, «АМАNАТ» партиясын қолдауға шақырды. «АМАNАТқа дауыс бере отырып, сіз әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер жасау үшін дауыс бересіз! Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз! Сіздерді сайлауда «АМАNАТ» партиясының кандидаттарын қолдауға шақырамыз!» деп сөзін аяқтады үміткер. Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді